Парламент • 15 Сәуір, 2026
Нартай Сәрсенғалиев «билер» ұйымдарының қызметін тексеруді ұсынды
«AMANAT» фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, өзін «билер кеңесі» немесе «би» деп атайтын қоғамдық ұйымдардың қызметіне қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Сәуір, 2026
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбутәліп Мүтәлі Премьер-Министр Олжас Бектеновке таулы аймақтарда сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 15 Сәуір, 2026
Елімізде ғылым қалашықтары мен ғылыми-технологиялық парктер құрылады
Ғылым мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер елдің ғылыми-технологиялық және инновациялық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Осы мақсатта бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ғылыми және технологиялық ресурстарды тиімді шоғырландыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және ғылымның инвестициялық тартымдылығын арттыру тетіктері ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2026
Олжас Құспеков: Шлагбаумдар мен ретсіз автотұрақ адам өліміне себеп болып жатыр
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Олжас Құспеков депутаттық сауал жолдап, төтенше қызметтердің оқиға орындарына дер кезінде жетуін қамтамасыз етудегі жүйелі олқылықтар мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 15 Сәуір, 2026
Таяу Шығыстағы дағдарыстың Қазақстан экспортына әсері қандай?
Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал жаһандық экономикаға айтарлықтай қысым көрсетіп отыр. Алайда бұл жағдай ел экспортының негізгі көлеміне тікелей жүйелі әсер етіп отырған жоқ. Негізгі себеп – экспорт құрылымының географиясында. Экспорттың шамамен 60%-ын құрайтын мұнай Каспий құбыр консорциумы арқылы Еуропаға бағытталады, ал металдар, уран және газ өнімдері шамамен 20-25% көлемінде Ресей мен Қытай нарықтарына шығарылады. Осылайша, Қазақстанның негізгі экспорт арналары Таяу Шығысқа тәуелді емес. Бұл олардың сыртқы күйзелістерге салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз етіп, геосаяси тәуекелдердің тікелей әсерін шектейді.