Фото: dalanews.kz
Атап айтқанда, ғылыммен шұғылданатын аумақтарды дамытуға құқықтық негіз қалыптастырылады. Олар ғылым қалашықтары және ғылыми-технологиялық парктер форматында дамиды. Ғылым қалашықтары – ғылымды негізге алатын технологиялар мен инновацияларды дамытуға жағдай жасалатын елдімекендер болса, ғылыми-технологиялық парктер – жоғары оқу орындары, ғылыми институттар мен өндірісте ғылыми әзірлемелерді енгізген кәсіпорындар базасында құрылады.
Олардың негізгі мақсаты мен міндеті, басқару және қаржыландыру тетіктері, сондай-ақ қызметін бақылау және мониторинг жүргізу тәртібі айқындалады. Бұдан бөлек, аталған аумақтарды дамытуға ынталандыру шаралары және ғылым қалашықтарына қатысушы ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қолдау тетіктері бекітіледі.