Ауа райы • 15 Сәуір, 2026
-18 градус аяз: Қазақстанда күн күрт суытады
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 16-18 сәуір аралығында Қазақстан аумағына екі түрлі барикалық түзілім әсер етеді. Батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болуына себеп болып, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 15 Сәуір, 2026
Астанада тазалықты бақылауға дрондар жұмылдырылады
Астана қалалық полиция департаменті елордада қоғамдық орындар ластануының алдын алу және жолын кесу жұмысы жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 15 Сәуір, 2026
Түркістан облысындағы жеке клиникада лицензиясы жоқ дәрігерлер қызмет көрсеткен
Түркістан облысының прокуратурасы мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарға жүргізген тексеру барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында қаражатты заңсыз иемдену және тиімсіз жұмсау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 15 Сәуір, 2026
Мобильді аударымдар тексеріледі: Қандай жағдайда айыппұл салынады?
15 сәуірден бастап Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты тексеріс жүргізіледі. Енді салық органдары азаматтардың жыл басынан бері жасаған барлық ақша аударымдары туралы мәліметтерді қарай бастайды. Бұл ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне екінші деңгейлі банктер ұсынуға міндетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2026
Елімізде жолаушылар тасымалы 9,3 пайызға артты
Жыл басынан бері көлік саласында негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім байқалып отыр. Соның есебінен салада жолаушылар тасымалы 9 пайызға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.