Күрес • 11 Сәуір, 2018
Қазақстанның самбо күресінің бас бапкері - Керей Қойшыбек
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасы. Сағат тілі түнгі он екіден бірер секунд аунап түскенде телефон қоңырауы шылдыр етеді. Білем, кім екенін. Керағаң ғой.
Жазғы спорт • 11 Сәуір, 2018
Жаһандық жарыстар: Кезек Свенсенге келді
Әйгілі норвегиялық биатлоншы Уле Эйнар Бьорндаленнің ізін ала тағы бір викингтер елінің талантты спортшысы Эмиль Хегле Свенсен карьерасын аяқтағанын мәлімдеді.
Қазақстан • 11 Сәуір, 2018
Криптовалютаны Қазақстан қалай қабылдады?
Иә, ақшаның көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын да түрі бар. Бұл бүгінде әлем «жаңашылдарының» қызығушылығын тудырып, халықаралық форумдардың талай басты тақырыбына айналып, қаржыгерлердің қызу талқысына түсіп жүрген, тіпті кейбір елдерде қолданысқа да еніп үлгерген – криптовалюта. Криптовалюта қазір қазақстандықтар үшін де соншалық беймәлім дүние емес, көпшілік хабардар. Алайда оның нақты қыры мен сырын жете түсініп жүргендер аз. Көбіміз қарабайыр түсінік, «электронды ақша екен» дегеннен әріге аса алмай жүрміз. Бірақ ол интернетпен байланысты болғанымен электронды ақша емес. Ал енді біреулер оны қаржылық пирамидамен байланыстырады.
Қазақстан • 11 Сәуір, 2018
Үкімет сағатында жауынгерлерге берілетін құнарсыз ас мәселесі қаралды
Ел арасында «соғыс – соғысымен, ал түскі ас – уақытында» деген қағытпа бар. Егер «Ас – адамның арқауы» деген халық даналығын қаперге алсақ, жауапкершілік жүгі қатардағы азаматтардан анағұрлым жоғары сарбаздардың тамағының тоқ, көйлегінің көк болуын стратегиялық маңызды шарттардың қатарына қосуға болады. Алайда, бүгінде Қазақстан әскері «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң талаптарын орындаймыз деп жүргенде, жауынгерлерге берілетін күнделікті ас мәзірінің құны тым арзандап кеткені анықталып отыр. Ал арзан ас ылғи да құнарлы бола бермесі белгілі.
Әлем • 10 Сәуір, 2018
Елбасының есімін Google-дан іздеген Илон Маск кім?
«Мен есі ауысқан жанға ұқсаймын ба?». Нью-Йорк таймс, Amazon, Wall street journal сияқты көптеген әлемдік баспалардың №1 бестселлері, үздік іскерлік әдебиеті аталымдары бойынша жеңімпаз атанған соңғы кездегі құнды кітаптардың бірі, жаңа технологиялар жайлы жазатын америкалық журналист Эшли Вэнстің «Илон Маск: Tesla, SpaceX және болашаққа жол» атты еңбегі осылай басталады.