Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Ұландық курсанттар Петропавлдың ауызсуға арналған станциясын қорғап қалды
Ұлттық ұлан академиясының 400 курсанты су тасқынына байланысты Петропавл қаласы аумағындағы маңызды нысандарды судан қорғау жұмыстарына жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға апта соңына дейін өтемақы төленеді
Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды. Зардап шеккен 3 561 отбасына жоғалған мүлкі үшін 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленген екен. Зардап шеккендерге өтемақы төлеу процесі осы аптаның соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Балаларыңыздың болашағын «AQYLмен» бастаңыз...
Биылдан бастап «Отбасы Банкі» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (БҰЖЖ) қатысушысы болды, яғни жыл басынан бастап «Отбасы Банкі» «AQYL» білім беру жинақтау салымдарын аша алады. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін банк 10 мыңнан сәл көп депозит ашты. Елімізде 300 мыңға жуық балаға банктерде депозиттер ашылған.
Спорт • 17 Сәуір, 2024
Олимпиада ойындарына 100 күн қалды
Жазғы Олимпиада ойындарының басталуына да санаулы айлар қалды. Жанкүйерлер тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасы 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтетіні мәлім. Париж Олимпиадасына әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта Қазақстан делегациясының қоржынында 11 спорт түрінен 31 лицензия бар.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Kaspi.kz су тасқынынан зардап шеккендерге 20 миллиард теңге бөледі
Kaspi.kz-тің негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу мақсатында 20 миллиард теңге бөледі. Қаражат Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қираған тұрғын үйлерді жөндеуге, сатып алуға және салуға жұмсалады.