Қоғам • 17 Сәуір, 2024

Kaspi.kz су тасқынынан зардап шеккендерге 20 миллиард теңге бөледі

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Kaspi.kz-тің негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу мақсатында 20 миллиард теңге бөледі. Қаражат Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қираған тұрғын үйлерді жөндеуге, сатып алуға және салуға жұмсалады.

Kaspi.kz су тасқынынан зардап шеккендерге 20 миллиард теңге бөледі

Kaspi.kz Директорлар кеңесінің төрағасы және негізін қалаушылардың бірі Вячеслав Ким:

«Баспанасыз қалған адамдар үшін бүкіл елімізбен бірге уайымдаймыз. Мыңдаған отбасы көшірілді, олар өз үйлеріне қашан оралатыны белгісіз. Кейбір елді мекендерде су әлі де көтеріліп жатыр. Бұл апат ешкімді бейжай қалдырмайды. Мемлекет, бизнес және біздің азаматтар зардап шеккен аймақтардағы адамдардың өмірін қалпына келтіру үшін барын салып жатыр. Біз Мемлекет басшысының зардап шеккендерге көмек көрсету туралы шақыруына қолдау көрсетіп, су тасқынының салдарын жоюға 20 миллиард теңге бағыттаймыз».

Kaspi.kz Басқарма төрағасы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Зардап шеккен аймақтарда біздің сүйікті клиенттеріміз, серіктестеріміз, қызметкерлеріміз тұрады. Біз су тасқынының алғашқы күндерінен бастап олармен үнемі байланыстамыз және жағдайды жақсы білеміз. Біз бірден Kaspi.kz мобильді қосымшасында қайырымдылық көмегін жинауды ұйымдастырдық және Biz Birgemiz Qazaqstan қорына құтқару техникасын, жабдықтар амунициясын, жанармай және басқа да алғашқы көмекке қажетті заттарды сатып алуға қаражат аудардық. Өкінішке қарай, бірқатар аймақтарда жағдай әлі де күрделі. Біз Президенттің бастамасын қолдау және осынау қиын сәтте елге пайдалы болу - азаматтық борышымыз деп есептейміз».

Айта кетейік, наурыз айының соңында Kaspi командасы Kaspi.kz қосымшасында онлайн-қызмет ұйымдастырды. Оның көмегімен жағдайға бей-жай қарамайтын әрбір Қазақстан азаматы зардап шеккендерге көмектесу үшін Biz Birgemiz Qazaqstan қорына қаражат аудара алады.

Kaspi.kz компаниясының өзі жолдарды жөндеуге, құтқару тікұшақтарының жұмысын қамтамасыз етуге, генераторларды, сорғыларды, үрлемелі қайықтарды және дәрі-дәрмектерді сатып алуға 620 млн теңге бағыттады. Сондай-ақ өткен аптада Вячеслав Ким Ақмола облысында 5 қабатты тұрғын үй құрылысының жобасын қаржыландырып, зардап шеккен елді мекендердің инфрақұрылымын қалпына келтіруге қаражат бөлгенін айта кету керек.