Президент • 12 Сәуір, 2017
Назарбаев Қазақстан әскерінің жауынгерлік әзірлігін жоғары бағалады
Мемлекет басшысына еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі ахуалы мен армия алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берілді.
Медицина • 12 Сәуір, 2017
«Тіл ұмытылса, дәстүр де көмескі тартады»
– дейді Ресейдің Челябі облысындағы «Азамат» ұлттық-мәдени бірлестігінің жетекшісі Қанат Сейтіков. Ресей Федерациясының Қостанай облысымен іргелес Челябі облысында біраз қандастарымыз тұрады. Олардың арасында ұлттық салт-дәстүріміздің, ана тіліміздің ұмытылмауы үшін қазақ диаспорасының «Азамат» ұлттық-мәдени бірлестігі біршама жұмыстар жүргізіп келеді. Біз оның жетекшісі Қанат Сейтіковпен жолығып, әңгімелескен едік.
Қазақстан • 12 Сәуір, 2017
«Сал-серінің сарқыты ол кешегі...»
Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен белгілі әнші, ақын, композитор, актер, өнертанушы Ерлан Төлеутайдың «Сал-серінің сарқыты ол кешегі...» атты ән кешіне келген өнерсүйер қауым шығармашылық жағынан сегіз қырлы, бір сырлы болып келетін кешегі ел еркелерімен оның ғажап ұқсастығын көріп, дала дарындарына ортақ болып келетін қасиеттерді өздері танығандай болды.
Медицина • 12 Сәуір, 2017
Ұлттық болмысты ұлықтаған бойжеткен
Осыдан бір-екі аптадай бұрын әлеуметтік желілерде Франциядан келген қыздың бір оқиғасы әжептәуір талқыға түсті. Қарағанды қаласындағы банктердің біріне кірген шетелдік қыз орысша сөйлегендерге қазақша сөйлепті, соны көрген сондағы қызметкер алғыс айтып, жылапты-мыс. Ал шындығында қалай болған еді? Ол қыз қазақ па? Қазақстанға не мақсатпен келген? Қазақша қайдан біледі? Бізге осының бәрін білудің сәті түсті.
Қазақстан • 12 Сәуір, 2017
«Ерлерді ел де ұмытпас, жер де ұмытпас», деп әйгілі Мағжан ақын жырлағандай, ерлік ешқашан ұмытылмайды. Болашақтың баяны үшін басын бәйгеге тіккен батырлардың есімі де елге елеулі. Осыдан алты жыл бұрын Тараз көшелерінде қырғын салған қандықол қылмыскерді құрықтау кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың есімі әрдайым ел жадында. Қарашаның қара суығында келіп жеткен қаралы хабар қабырғаны қайыстырғанмен, батырдың асқақ рухы мен бекзат болмысы жұрт жүрегінде жатталып қалды.