Су тасқыны • 16 Сәуір, 2024
Петропавл қаласынан шығатын 4 тасжолдың үшеуін тасқын су басып, қатынас үзілді. Алдымен Большая малышка, Соколовка ауылдары арқылы Ресейдің Түмен, Қорған облысына кететін қосалқы жол қарғын судың кесірінен жабылды. Ал 13 сәуірде Мамлют, Жамбыл аудандары арқылы Қостанай және Ресейдің Түмен мен Қорған облыстарына шығаратын негізгі тасжол, ал кеше Қызылжар, Есіл, Шал ақын, Тимирязев және Көкшетау өңіріне шығаратын күре жол да жеңіл көліктер үшін жабылды. Бәрінің де үстінен су жүріп кетті.
Су тасқыны • 16 Сәуір, 2024
Ырғыз ауданының Мамыр, Нұра, Белшер ауылдарында тасыған Торғай өзенінің суы қауіп төндіріп тұр. Ақтөбе облыстық Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары үш ауылдан 121 тұрғынды, оның ішінде 62 баланы алып шығып, аудан орталығы Ырғыз елді мекеніне эвакуациялады.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Жайық жағасындағы 100 шақырым бөгет
Атырау қаласының тұрғындары күн сайын Жайық өзенінің жағалауына асығады. Бәрінің мақсаты – су айдынының жағалауына бөгет тұрғызуға атсалысу. Өйткені жергілікті билік өзенге Ресейдің Орынбор өңірінен мол су келетінін, Жайықтың тасқын қаупі төнетінін айтып отыр.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Жангелдин ауданында 10 елді мекен жарықсыз отыр. 9 ауылмен көлік қатынасы мүлде үзілген. Торғай мен Арқалықтың арасында көлік қатынасы тоқтап тұр. Аудандағы көлік жолдарының күретамыры саналатын бұл тасжолдың үстінен Тәуіштің тұсында екі жерден су өтіп кеткен. Оны тоқтату дәл қазір мүмкін емес. Тасқын Сарысу аулымен ортадағы Қаратақыр жазығына жайылып барады.
Су тасқыны • 16 Сәуір, 2024
Екінші толқынның екпіні алаңдатады
Елімізде су деңгейі әзірге ала-құла. Әсіресе солтүстікте жағдай әлі де күрделі. Кей жерлерде су деңгейі түскенімен, Жайықтың Ресейден келетін арнасы алаңдатып отыр. Қыр астында қызыл су барын күн бұрын бағамдаған ел қауіптің алдын алуға жұмыла қам-қарекет қылып жатыр. Алайда мамандарды негізгі елеңдетіп отырғаны су тасқынының екінші толқыны.