Қоғам • 01 Сәуір, 2014
Алматы облысы Бүгінгі таңда Алматы облысын 103 түрлі ұлт пен ұлыс мекендейді. Соның ішінде саны көп өзге ұлыстар мыналар: орыстар 303 мың 617, ұйғырлар 150 мың 820, түріктер 36 мың 677. 2014 жылдың 1 қаңтарында облыс бойынша 71 этномәдени бірлестік тіркелсе, соның 23-і облыстық, ал 38 филиалы аудандық, 10 филиалы қалалық болып жұмыс жүргізуде. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамында этномәдени бірлестіктер ардагерлерінен құралған «Ұлағат» қариялар кеңесі және этномәдени бірлестіктер жастарынан тұратын «Бірлік» жастар ассоциациясы бар.