Білім • 28 Сәуір, 2025
Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініштер қабылдау аяқталғанын хабарлады. Тестілеу 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2025
Атырауда республикалық жұмысшы жастар форумы басталды
Еліміздің 15 өңірінен 200-ден астам жастың басын қосқан республикалық форумға жұмысшы мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттер, кәсіпорын қызметкерлері мен кәсіподақ өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Сәуір, 2025
Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік желіден шектеу керек - депутат
18 жасқа толмаған жеткіншектерге әлеуметтік желіні пайдалануға жас шектеуін енгізу ұсынылды. Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы арнайы заң жобасын әзірлеу қажеттігін алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Сәуір, 2025
Мемлекетке қайтарылған әшекейлер саудаға салынды
E-Qazyna электронды сауда платформасында мемлекетке қайтарылған зергерлік бұйымдар аукцион арқылы сатылды. Саудаға шығарылған заттар қатарында әйгілі CARTIER брендіне тиесілі LOVE білезігі мен сақинасы, сондай-ақ аквамарин, зүбаржат және гауһар тастармен әсемделген әшекейлер болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.