Қоғам • 28 Сәуір, 2025

Мемлекетке қайтарылған әшекейлер саудаға салынды

1 мин
оқу үшін

E-Qazyna электронды сауда платформасында мемлекетке қайтарылған зергерлік бұйымдар аукцион арқылы сатылды. Саудаға шығарылған заттар қатарында әйгілі CARTIER брендіне тиесілі LOVE білезігі мен сақинасы, сондай-ақ аквамарин, зүбаржат және гауһар тастармен әсемделген әшекейлер болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекетке  қайтарылған әшекейлер саудаға салынды

Сатылым қорытындысы бойынша мынадай қаржы жиналды:

  • CARTIER LOVE білезігі мен сақинасы үшін 2,6 миллион теңге төленді;
  • Аквамарин тасы орнатылған жүзік 1,6 миллион теңгеге өтті;
  • Гауһар және зүбаржатпен әрленген сырғалар 612 мың теңгеге сатылды.

Жалпы есептегенде аукционнан 5 425 246 теңге табыс түсті. Бұл қаражат арнайы мемлекеттік қорға аударылып, алдағы уақытта әлеуметтік бастамаларды қолдауға жұмсалмақ.

Еске салайық, былтыр Астанада олигархтардан тәркіленген бір үлкен сарай 473 миллион теңгеге сатылған еді. Сонымен бірге, бұрынғы шенеунік Кәрім Мәсімовтен алынған мүліктің бір бөлігі әлі де болса сатылымға шығарылмаған.

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13