Аймақтар • 09 Сәуір, 2024
Атырауда Жылыой ауданының тұрғындары эвакуацияланып жатыр
Атырау облысындағы Жылыой ауданынан 34 998 тұрғын эвакуацияланды. Оның дені – Құлсары қаласында тұратын тұрғындар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
Құлсарыға ақша жіберген 4-сынып оқушысы зардап шеккендерді риза қылды
М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Нұрасыл Игілікұлы жұрттың ризашлығына бөленіп, үлкендердің батасын алды. Еліміздегі су тасқыны бастауыш сынып оқушысын да күрсіндірді. Себебі, қарғын судан тек ересектер ғана емес, өзімен жасты балалар да зардап шегіп жатыр. Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылынан Құлсарыға аттанатын көмек туралы естіген Нұрасыл арнайы жинап жүрген қаражатын мұқтаж жандарға беріп жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
Kusto Group тобы су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңге аударды
Күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Kusto Group зардап шеккендерге көмек көрсетуге 400 млн теңге бөлінгені туралы хабарлады. Зардап шеккен аймақтарға қаражат KustoHelp жеке қоры арқылы бөлінеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
Ресей тұрғыны Атырауға 50 мың қап алып келді
Ресейдің Дағыстан Республикасында тұратын Омарасхаб Ахмедов Атырауға 50 мың қап алып келді.
Қылмыс • 09 Сәуір, 2024
«Банк қызметкерін сан соқтырған»: Алматы полицейлері күдіктілерді ұстады
Алматы полициясы екінші деңгейлі банк қызметкерін алдаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.