Қоғам • 09 Сәуір, 2024

Kusto Group тобы су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңге аударды

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Kusto Group зардап шеккендерге көмек көрсетуге 400 млн теңге бөлінгені туралы хабарлады. Зардап шеккен аймақтарға қаражат KustoHelp жеке қоры арқылы бөлінеді, деп жазады Egemen.kz

Kusto Group тобы су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңге аударды

фото: ТЖМ

«Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға жанашырлық пен қолдау сөздерін білдіреміз. Ел басшылығы, құзыретті мемлекеттік органдар, еріктілер мен азаматтар адам құрбандарын тоқтату мен алдын алу, зардап шеккендерге көмек көрсету және су тасқынының салдарын жою үшін қажет нәрсенің бәрін жасап жатыр. Біз осы жұмысқа қосыламыз және апаттан зардап шеккен азаматтарға барынша көмек көрсетеміз»,  деді Kusto Group негізін қалаушы Еркін Тәтішев.      

Анықтама үшін: Kustohelp қайырымдылық қорын Kusto Group халықаралық компаниясы құрды. Қор Қазақстан Республикасында covid-19 коронавирус пандемиясы себебінен жарияланған төтенше жағдай кезеңінде халықтың неғұрлым зардап шеккен және осал топтарына 1 млрд теңгеден астам мөлшерде көмек көрсетуге белсенді қатысты.