Тұлға • 09 Сәуір, 2024
Кеңес Одағының Батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына – 100 жыл. Осыған орай елорданың 12 университетінде бір сағатта ұлт батырының өмір жолы туралы дәріс ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шараға 2,5 мыңнан астам студент қатысты.
Айбын • 09 Сәуір, 2024
1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасындағы Пшихарв шатқалында болған шайқас 17 қазақ сарбазының өмірін жалмады. Бауырлас елдің шекарасын күзеткен өрімдей жас жауынгерлер ауған тарапынан келетін қауіп-қатердің бетін қайтарып, заңсыз сауда-саттықтың жолын кесу мақсатында әскерге аттанған болатын.
Несие • 09 Сәуір, 2024
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, тұтынушылық кредит беру сегментінде кейінгі 3 жылда өсім байқалған. Ұлттық банк (ҰБ) дерегіне сәйкес, 2021 жылдан бастап кепілсіз тұтынушылық кредиттердің орташа жылдық өсуі 33%-ды құрады. Соңғы 8 айда тұтынушылық несие портфелі 9,2 трлн теңгеден асқан.
Қаржы • 09 Сәуір, 2024
Криптовалютаны табысты етудің жолы
Қазір криптовалюта сәнге айналды. Ерекшелігі сол – валютаның бұл түрі орталықтандырылмаған, яғни қандай да бір орталық банкке бағынбайды. Еларалық та шекарасы жоқ. Көзін тапқандар кіріске кенеліп жатыр. Tarlan Development Group Ltd компаниясы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) лицензиясын алып, екі бағытты сәтті дамытып келеді. Бірі – цифрлық активтер академиясы (Tarlan Trading Academy), онда криптовалюта нарығында жұмыс істеу негіздерін үйретеді. Екіншісі – цифрлық активтерге инвестициялау қоры. Бізбен әңгімелескен компания бас директоры Темірлан Нұрахимов миссиямыз – криптовалюта әлемін баршаға қолжетімді ету дейді.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
«Qarmet» шахталарды цифрландырады
«Qarmet» компаниясының барлық көмір шахтасында өндіріс үдерістерін нақты уақыт режімінде бақылауға мүмкіндік беретін DMMS цифрлық платформасы орнатылады. Бұл Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру бағытында барлық жүйені цифрландыру керек деген тапсырмасымен үйлеседі.