Бокс • 07 Сәуір, 2025
Төрехан Сабырхан кәсіпқой боксқа ауыса ма
Азияның 4 дүркін чемпионы, 2024 жыл әлем біріншілігінің алтын жүлдегері әрі сол дүбірлі доданың үздігі атанған қазақстандық дарынды боксшы Төрехан Сабырхан кәсіпқой рингте дебют жасады. 5 сәуір елордадағы «Барыс аренада» өткен «Battle of the brave» турнирінде Төрехан «балуанға оңы мен солы бірдей» екенін дәлелдеп, чехиялық қарсыласына қарсы техникалық нокаут тіркеді. Қазақстанда алғаш рет қос бірдей белбеу сарапқа салынған Әлімханұлы-Нгамессинге тарихи кешінде Төрехан Сабырхан кәсіби бокста өзіне тиесілі тарих парағын ашты, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 07 Сәуір, 2025
Елімізде зергерлік бұйымдарды сату ережесі өзгерді
Қазақстанда зергерлік бұйымдарды сатуға қатысты жаңа талаптар енгізілді. Енді сынамалау таңбасы жоқ өнімдер сатылған жағдайда, заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Сәуір, 2025
Абай университетінде ғылым апталығының ашылу салтанаты өтті
Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында дәстүрлі ғылым апталығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Атырау тұрғыны түн ортасында соққыға жығылды
Атырауда түнгі мезгілде бірнеше бұзақы ер адамды аяусыз соққыға жыққан. Зардап шеккен жігіт ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 07 Сәуір, 2025
Ұлттық банк шетелге алтын сатуды тоқтатты
Ұлттық банк Трамп әкімшілігінің тарифтерді қымбаттатуына байланысты алтын сатуды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.