Саясат • 05 Сәуір, 2025
Орталық Азия – Еуропа Одағы: Ынтымақтастыққа тың серпін берген саммит
Өзбекстанның Самарқанд қаласында «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті өтті. Айтулы іс-шарада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, геосаяси дүрбелеңдер мен жаһандық сын-қатерлер белең алған кезеңде Орталық Азия мен Еуропа Одағы арасындағы ықпалдастықтың өзектілігі арта түскеніне назар аударды.
Тағзым • 05 Сәуір, 2025
Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының 205 жылдығына орай «Күй төресі – Бапас» атты күй кешін өткізді.
Басылым • 05 Сәуір, 2025
Елдіктің естелігі (Толғау мен талдау)
Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов қалың жұртшылыққа бір емес, екі кітабын ұсынып отыр. Бұл жинақтар мазмұндық жағынан да, тақырыптық тұрғыдан да өзара сабақтас. Екеуі де басқару жүйесінде ұзақ жыл қызмет істеген, тәуелсіздіктің кірпішін қалауға аянбай атсалысқан тәжірибелі саясаткердің қолынан шыққан. Екеуі де талайлардың маңдай тері тоқтамай төгілген мемлекет ісіне арналған. Екеуі де егемендік рухында, мемлекетшілдік ыңғайында жазылған. Бір-бірінен айырмашылығы – алғашқысы жеке адам туралы дүние болса, екіншісі ел дамуының белестері жөніндегі ой-тұжырымдар. Яғни біреуі – ердің сипаты, екіншісі – елдің тұрпаты жөніндегі толғамдар.
Руханият • 05 Сәуір, 2025
ХХ ғасырдағы қазақтың рухани сарбаздары, рух көсемдері ұлтшылдығымызды ерте оятты. Абай мен Алаш арыстарынан соңғы, бергі буын ел шежіресіне етене бойлап, қазақ баласының делебесін қоздырды, немқұрайдылық шідерінен босатты. Біз оқып өскен сол ақындардың ішінде есімі ең алғашқы боп ойға оралатындардың бірі – Серік Ақсұңқарұлы.
Мектеп • 05 Сәуір, 2025
Тарихы сонау XX ғасырдың ортасынан бастау алатын Мырзашөл өңіріндегі алғашқы білім ошақтарының бірі – Түркістан облысы Жетісай ауданы Жылысу ауылдық округіндегі ұлт зиялысы, Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай атындағы №26 орта мектеп туралы айрықша айтуға болады.