«Таза Қазақстан» • 04 Сәуір, 2025
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында әйгілі Күшікбай бұлағында «Бұлақ көрсең, көзін аш» атты экоакция ұйымдастырылды. Іс-шараға 50-ден астам адам – еріктілер, студенттер, қоғам белсенділері, жергілікті тұрғындар қатысып, бұлақ маңын тазарту жұмыстарын жүргізді.
Бокс • 04 Сәуір, 2025
Бразилияның Фос ду Игуасу қаласында әлем кубогінің кезеңі басталды. World Boxing халықаралық ұйымы қолға алған жобаның аясында өтетін жаһандық додаға бірнеше елдің боксшылары қатысып жатыр. Елімізден әлем кубогіне ерлер додасында 8 боксшымыз сынға түссе, әйелдер арасындағы айқаста 3 боксшымыз бақ сынады.
Ғалам ғажаптары • 04 Сәуір, 2025
Қытайлық дәрігерлер 4 метр биіктіктен құлап, сал болып қалған ер адамның миына жасанды интеллектке негізделген «ми-жұлын» интерфейсін орнатты.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 04 Сәуір, 2025
Елордада эксперименттік білім беру бағдарламасын аяқтаған түлектерге диплом табысталды. Бұл қанатқақты жоба аясында 155 мектеп оқушысы мемлекеттік аттестациядан өтіп, жұмысшы мамандығын меңгерді.
Көрме • 04 Сәуір, 2025
БҰҰ штаб-пәтерінде өткен Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің конференциясына Қарағанды облысының делегациясы да қатысты. Өңірден барған делегация өкілдері Семей ядролық полигонының зардабын тартқан әлемге әйгілі суретші Кәріпбек Күйіковтің суреттерімен, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан «Полигон жаңғырығы» атты фотокөрмемен таныстырды.