
Сурет: qamshy.kz
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті күшейтіп, қоғамды табиғатты аялауға шақыру.
«Таза Қазақстан» – жай ғана экологиялық акция емес, еліміздің әрбір азаматын қоршаған ортаны сақтауға, қорғауға шақыратын баталы бастама. Өкінішке қарай, соңғы кезеңде табиғи су көздерінің ластануы үлкен экологиялық проблемаға айналып отыр. Акция аясында табиғатты қорғау, экожүйені қалпына келтіру бағытында нақты жұмыстарды қолға алдық. Бүгінгі іс-шараның мән-маңызы – әр адамның бойында экологиялық түсінік қалыптастыру, осы жауапкершілікті әрбір азаматтың санасына сіңіру. Табиғатты тек пайдаланып қана қоймай, оған қамқорлық жасауды да үйренуіміз керек», деді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, қоғам белсендісі Ерсінбек Өрлеубек.
Мұндай экологиялық акциялар, тазалық жұмыстары, сенбіліктердің экологиялық мәдениетті, табиғатқа деген қамқор көзқарасты қалыптастыруға елеулі үлес қосатыны сөзсіз.
Абай облысы