Есірткі • 02 Сәуір, 2025
Есірткі айналымына тосқауыл күшейді
Кейінгі жылдары есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі елдің есін шығарып бітті. Өкініштісі сол, жаңа синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары – жастар. Тек осы жылдың екі айының өзінде ішкі істер органдары 1,5 мыңға жуық есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Оның 600-ден астамы – қылмыстық құқық бұзушылықтар. Оған қоса жыл басынан бері ішкі істер органдары 2 тоннаға жуық есірткі затын тәркілеген, оның ішінде 120 кило есірткінің синтетикалық түрі, 140 килодан аса гашиш, 600 грамм кокаин бар. Қысқасы, дәл қазіргі ахуал бұл бағытта күрес жүргізу үшін жүйелі шаралар қажеттігін ашық көрсетіп отыр.
Құқық • 02 Сәуір, 2025
Қоғамда вейпке бейім жастардың қатары қалыңдаған. Жасөспірімдерге темекі өнімдерін сатуға түбегейлі тосқауыл қоймай, бұл дерт асқына беретіні анық. Заңмен шектелгенімен, заңсыз айналым ауыздықталмай тұр. Алматыда жыл басынан бері вейптер мен хош иістендіргіштердің заңсыз айналымына қатысты 30 қылмыстық іс қозғалып, полиция 25 мыңнан аса вейп өнімдерін тәркілеген.
Туризм • 02 Сәуір, 2025
Көкжиегі кең, келешегі зор сала
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында туризм аймақтардың дамуына серпін беретін сала болуға тиіс екенін айтты. Туризм – экономиканың қарқынды дамуына ықпал ететін әрі инвесторлар үшін тартымды сала. Осы тұрғыда еліміз географиялық жағынан оңтайлы орналасқанына, алуан түрлі табиғатымыз, бай әрі бірегей тарихи-мәдени мұрамыз бар екеніне қарамастан, туризм саласындағы әлеуетін толық, жан-жақты пайдаланбай келеді.
Тағзым • 02 Сәуір, 2025
Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің есімін қарағандылықтар дәстүрлі түрде ұлықтап келеді. Сөзімізге жыл сайын үздіктерге табысталатын Тәшенов атындағы жүлде дәлел. Жақында қаладағы «Достық» үйінде «Жұмабек Тәшенов: Тұлға. Тарих. Тағылым» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Тағылымды кеште тұлғаның 110 жылдығына арнайы шығарылған «Жұмабек Тәшенов» жинағының тұсауы кесілді. Жаңа жинаққа қайсар қайраткер жайында естеліктер, мақалалар мен ой-толғамдар енген.
Маман • 02 Сәуір, 2025
Білікті жолбасшы маманға зәруміз
Көрікті жерлердің ажарын ашып, туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқан кезеңде қонақтарға жол сілтеп, сапалы қызмет ұсынатын гидтердің жұмысында кемшілік болмауға тиіс. Қызмет сапасын айтпас бұрын, дәл қазір елімізде гид мамандардың тапшылығы байқалады. Дерекке сүйенсек, 300-ден аса адам гид ретінде жұмыс істеп жүрсе, ресми реестрде 80-нен аса ғана гид тіркелген.