Спорт • 29 Сәуір, 2024
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Садақшылар жасақталды
Биыл қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында осы айдың 17-28 күндері аралығында Алматыдағы олимпиадалық дайындық орталығында садақ атудан ұлттық құраманың 24 спортшысы оқу-жаттығу жиынына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 29 Сәуір, 2024
Әуезов кеңінен тоқталып жазуды армандап кеткен, ақын деп айқайлатып тақырып қоюға лайықты шайырдың бірі – Хамит Ерғалиев екені анық. Мұны ақын туралы мақаласында Ұлықбек Есдәулет жазыпты: «Ұлы Мұхтар Әуезов өмірден өтерінің аз-ақ алдында «Құрманғазы» поэмасының жалғасын оқып шығып: «Баяғы пікірім арықтаған жоқ, семірді. Алдымда шетелдерге сапарларым тұр. Содан оралысымен сенің осы дастаның туралы кеңінен толғап жазбақ ойым бар. Дастаныңдай өмір кеш!» деп құшақтаған екен», дейді Ұ.Есдәулет. Бүгінде есімі көп атала бермесе де, қазақ өлеңін бір биікке көтеріп, арнасынан асып-төгілген алапат ой мен сезімнің дүбірін Ерғалиев жырларынан табасыз. Сондықтан әңгіменің әлһамын осылайша Әуезовтің сөзімен бастап жатсақ, жастанып оқуға әбден лайықты шедевр шумақтар тақияңызға тар келмейді деп біліңіз.
Әдебиет • 29 Сәуір, 2024
Оқырман үшін сүйікті жазушысының өміріндегі барлық дерек қызық. Автордың шығармашылығынан бөлек тағдыры, жеке өмірі, күн режімі, қызығушылығы, мінезі, әдеті, киім киісі – бәрі-бәрі. Сөз өнерінде жүрген қауымның ләззаты да, азабы да жазу дейміз. Сол жақсы жазу талант пен шеберлікке ғана байланысты екені шындық. Дегенмен ақын-жазушылардың күнделікті қоңыр тіршілігі, болмысы мен өмір сүру тәртібі қаламына әсер етпей қоймайтыны тағы анық.
Таным • 29 Сәуір, 2024
Алтай тауын аралаған сайын Асқар Алтайдың «Альпинист» деген әңгімесіне арқау болған Құзғынды шыңын іздейміз. Марқакөлдің маңынан дараланған шың көрсек болды, Құзғынды шығар деп топшылаймыз. Әлгі шыңға аңсарымыз ауады. Қарап тұрып, әңгімедегі жантүршігерлік оқиғаны елестетеміз.
Егемен Қазақстан • 29 Сәуір, 2024