Маман • 26 Сәуір, 2024
Көктемгі су тасқыны кезінде сан соғып қалғанымыз – отандық ғылымның кенжелеп қалғанының айқын көрсеткіші. Ақмола облысының Шортанды аулында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы төралқасының көшпелі отырысы өтті. «Ауыл шаруашылығын табиғи апаттарға бейімдеудегі аграрлық ғылымның рөлі» атты алқалы жиында есе кеткен тұстарды түгендеп, болашақта олқылықтың орнын толтыру жолдары талқыланды.
Әлем • 26 Сәуір, 2024
Армения – Әзербайжан:1991 жылғы шекара қалпына келтірілмек
Бір-бірімен ұзақ жылдар бойы жер үшін қырғи-қабақ болып, қақтығысып келе жатқан Армения мен Әзербайжан елдері шекарасын делимитациялау жұмыстарын қолға алды. Бұл ақпаратты Армения Премьер-министрі Никол Пашинян британдық журналиске берген сұхбатында мәлім етті.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2024
Саланы цифрландырудың алғашқы қадамы
Сырдария ауданында биылғы егілер күріштің алғашқы дәні себілді. Осыған байланысты аудандағы «Мағжан және К» ЖШС-ның Н.Ілиясов аулындағы егіс алқабында «Дала күні» семинар-кеңесі ұйымдастырылып, оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазақстанның Еңбек ерлері Абзал Ерәлиев, Имамзада Шағыртаев, шаруа қожалықтары өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.
Саясат • 26 Сәуір, 2024
Қазақстан, Болгария, Үндістан медиаторлары Астанада тәжірибе алмасты. Халықаралық форумға Мәдениет және ақпарат министрлігі тапсырмасымен гранттық жоба аясында «Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығы ұйытқы болды. Жиын «Қазіргі заманғы әлемдегі медиация» атауымен «Қазмедиа орталығында» өтті.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2024
Төрт ұлы, екі келіні бар ене қыз баланы дүниеге әкелді
Ақтауда жаңа босанған әйелді перзентханадан күйеуі мен енесі, 4 ұлы мен 2 келіні шығарып алды, деп жазады Egemen.kz.