Аймақтар • 26 Сәуір, 2024

Төрт ұлы, екі келіні бар ене қыз баланы дүниеге әкелді

771 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда жаңа босанған әйелді перзентханадан күйеуі мен енесі, 4 ұлы мен 2 келіні шығарып алды, деп жазады Egemen.kz.

Төрт ұлы, екі келіні бар ене қыз баланы дүниеге әкелді

Қуанышты жаңалықты жаңа босанған әйелдің келіні Айжамал Кенбаева Instagram парақшасы арқылы жарияға жар салды.

Ал әйелдің екінші келіні Ырысгүл Базарханның айтуынша, ата-енесі қызды 23 жыл аңсап күткен. Олар нәрестеге Айсәуле есімін берген.

«Аллаға шүкір дегеннен артық не жазамын? Қандай әдемі көрініс. Жұбайы, 4 ұлы, енесі мен 2 келіні бұлай шығарып алу үлкен бақыт қой. Атам 101 раушаны мен ұлдары бір-бір құшақ гүлден сыйлағаны қандай... Көз тимесін, бәріңіздің үйіңізде осындай той болсын!», - деп жазды Айжамал әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары ақтаулық әйелдің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.