Аймақтар • 02 Сәуір, 2024
Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында болды
2 сәуірде Премьер-министрдің орынбасары – Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Атап айтқанда, төтенше жағдай жарияланған Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласындағы жағдаймен танысты.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2024
Бұл күндері республикалық «Қызылорда-Жезқазған» автожолының облыс аумағындағы бөлігінде жаңғырту жұмыстары қайта жанданды. Елдің оңтүстігін орталықпен байланыстыратын күре жолдың 83 шақырымына асфальт жабындысы төселді. Облыс ауқымындағы ұзындығы 216 шақырым болатын автожол құрылысы 6 учаскеге бөлініп, мердігер мекемелер жоспарға сай жұмыс жүргізіп жатыр.
Алматы • 02 Сәуір, 2024
Республикалық «Жас тілшілер» форумын өткізуді дәстүрлі іс-шараға айналдырған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне биыл да еліміздің түпкір-түпкірінен 60-тан астам талапкер жиналды.
Қоғам • 02 Сәуір, 2024
Сенаторлар тасқыннан зардап шеккен өңірлерде жүр
Сенат депутаттары еліміздің тасқын судан зардап шеккен өңірлеріне барып, жергілікті жерлердегі проблемаларды шешуге көмек беріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар • 02 Сәуір, 2024
Айсәуле мен Жансәуле су тасқыны кезінде дүниеге келді
Үкімет басшысы Олжас Бектенов су тасқыны кезінде егіз сәби босанған Қаламқас Қоңырқаеваға көмек көрсеткен Ырғыз ауданы Нұра ауылындағы дәрігерлік амбулатория қызметкерлеріне алғыс білдірді. Олар – Нұра дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері – Сауия Сатаева, мейірбикелер – Айжан Алханова мен Айару Молшылық, деп хабарлайды Egemen.kz.