Балалар • 02 Сәуір, 2024

Айсәуле мен Жансәуле су тасқыны кезінде дүниеге келді

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысы Олжас Бектенов су тасқыны кезінде егіз сәби босанған Қаламқас Қоңырқаеваға көмек көрсеткен Ырғыз ауданы Нұра ауылындағы дәрігерлік амбулатория қызметкерлеріне алғыс білдірді. Олар – Нұра дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері – Сауия Сатаева, мейірбикелер – Айжан Алханова мен Айару Молшылық, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айсәуле мен Жансәуле су тасқыны кезінде дүниеге келді

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

31 наурыз күні аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан Нұра ауылына тасқын судың келіп қалғаны туралы  хабарлама түскенде, ауыл жұрты әбігерге түсті. Бұл уақытта Ырғыз бен Нұра арасындағы тасжолды су шайып, қатынас үзілгендіктен, аудандағы акушер-гинеколог дәрігерлердің  Нұраға жетуі мүмкін болмады.

Амбулатория қызметкерлері тәжірибелі дәрігер Сауия Сатаеваның басшылығымен ананы аман-есен босандырды.

Іле-шала нұралықтарды эвакуациялауға келген Қорғаныс министрлігіне қарасты Ақтөбедегі Т.Бигелдинов атындағы әскери әуе күштері институтының тікұшағы анасы мен сәбилерді аудандық ауруханаға жеткізді.

Ырғыз аудандық ауруханасының акушер-гинекологі Кәмшат Сәрсенғалиеваның айтуынша, қазір егіздер мен анасының жағдайы жақсы. Нәрестелердің екеуі де қыз бала, біреуінің салмағы – 2800 г, екіншісінің салмағы – 3050 г.

Олар аудандық ауруханада тасқын судың беті қайтқанша ем алады. Көпбалалы ана Қаламқас Қоңырқаеваның  бұл бесінші, алтыншы сәбилері.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025