Саясат • 06 Сәуір, 2021
Сенатта Қазақстан мен Қырғызстанның көші-қон ынтымақтастығы талқыланды
Сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады. Осы келісім аясында тараптар көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастықты күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Сәуір, 2021
Президент «Спутник-V» вакцинасын салдырды
Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 06 Сәуір, 2021
«Талдықорған - Үшарал» жолы биыл аяқталады
Алматы облысында індетке қарамастан, тек өткен жылдың өзінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 18,8 млрд теңгеге 487,7 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы іске асырылғаннан бастап 3,2 млрд теңгеге 97,2 шақырым жол жөнделген. Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының айтуынша, бұл өңірдегі 240 елді мекеннің ауылішілік жолдарының сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызды. Жыл соңына қарай сапасы жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 89 % жетеді. Ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 95 процент болады, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Сәуір, 2021
Nur Otan қазақстандықтардың түйінді мәселелерін бақылауға алды
«Nur Otan» партиясы 3 ай ішінде партиялық бақылау комиссиясының 624 отырысын өткізіп, онда 1918 мәселе қаралды. Олардың арасында әлеуметтік тұрғын үй беру кезіндегі заң бұзушылықтар, партиялық этиканы сақтамау, жатақханалардың сапасыз салынуы және т.б. көптеген түйінді мәселелер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 06 Сәуір, 2021
Бүгінгі таңда әлем елдері вакцинаның 8,6 млрд дозасын алдыруға шарт жасасқан дейді АҚШ-тағы Дьюк университетінің зерттеушілері.