Әдебиет • 04 Сәуір, 2022
Бүгінгі күні шешендік өнердің бұрыннан келе жатқан саяси, соттық, салтанатты көркем сөздер және діни уағыздар сияқты дәстүрлі салаларына академиялық, іскерлік және көсемсөз (публицистика) тәрізді жаңа бағыттар қосылды.
Қоғам • 04 Сәуір, 2022
Бұрындары кітапханаға кітап алуға немесе реферат, курстық жұмыстар жазу үшін барар едік. Кейінгі жылдары кітапханалардың бағыты өзгерген. Жастарға, балаларға қажетті үйірмелер, түрлі шара кітапханалардың шаңырағында өтеді. Әсіресе жас ұрпақтың заманауи технологияны меңгеруіне барынша басымдық берілген. Мысалы, Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы кітапханада оннан астам үйірме жұмыс істейді екен.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2022
Орталық сайлау комиссиясы – Алматы облысында
Талдықорған қаласында Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Алматы облысы бойынша шығып қалған депутаттың орнына Парламент Сенатының депутатын сайлау жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Сайлау 2022 жылдың 22 сәуірінде өтеді деп жоспарланған, деп хабарлады ОСК-ның баспасөз қызметі.
Әдебиет • 04 Сәуір, 2022
Бұл туралы қаншама шығарма бар, қаншама аңыз, әпсаналар уақыт құрсағын кеңітіп, әдебиетте қадау-қадау туындылар жазылды. Шыр еткен сәбидің қырық күндік шілде суынан бастап дүние салғандағы мейрам суына дейінгі аралықта қалай өмір сүрді, адамдық антына ту етіп, адалдық сертін ұстады ма, алыс жақынға несімен жұғымды болды, басқаны былай қойғанда өз бағасына жетті ме, соңына қандай із қалдырды, осының бәрін сарапқа салғанда, адам баласының қадір-қасиеті деген жалғыз ауыз сөзге сиятын секілді. Қазақ қарнының ашқанына емес, қадірінің қашқанына жылайтын халық еді ғой.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2022
Еріген қар суы елдің есін шығарды
Наурыздың соңғы күні Ақтөбе облысында күннің күрт жылынуынан қар бірден еріп, Ақтөбе қаласының Батыс, Әуеқалашық, Сельмаш аудандары, Ақтөбе хром қосындылары зауытына қарасты бау-бақша ұжымдарындағы тұрғын үйлерді, Құрашасай елді мекені мен Қанағат, Бауырластар тұрғын үй алабын су басып қалды.