Парламент • 25 Сәуір, 2024
Қазақстан-Қытай депутаттары трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану мәселесін талқылады
Бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат Қытайға ресми сапармен барды. Бейжіңде депутаттар Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзимен, ҚХР-ның Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және ҚХР Төрағасының орынбасары Хань Чжэнмен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2024
Amicorp елімізде өз кеңсесін ашты
Amicorp компаниялар тобы өңірдің бас қаржы хабы – «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) өз кеңсесін ашты. Amicorp – корпоративтік басқару, қаржы нарықтары және қорларды әкімшілендіру қызметтерінің алғашқы жаһандық жеткізушісі, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 25 Сәуір, 2024
Елдің барлық мектебінде бірыңғай сынып сағаты өтеді
Қазақстанда 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы - мектеп түлектері, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Сәуір, 2024
Президент ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Дун Цзюньге ілтипат білдіре отырып, оның тату көршілік, достық қатынастарды және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Президент қазақ-қытай байланыстары жоғары деңгейде екеніне, яғни арада мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнағанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 25 Сәуір, 2024
Мемлекеттік наградалар туралы заңға енгізілген түзетулер мақұлданды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыс барысында сенаторлар «ҚР-ның мемлекеттік наградалары туралы» Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды қарап, мақұлдады. Аталған заң Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Парламент депутаттарының бастамашы болуымен әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.