Сайлау • 26 Сәуір, 2019
«Ауылдың» атынан ауылшаруашылық маманы үміткер
«Ауыл» партиясының атынан биылғы 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауына үміткер ретінде ауылшаруашылық саласында еңбек еткен маман ұсынылды. Бұл туралы партияның кезектен тыс XV съезінде белгілі болды. Партия төрағасы Әли Бектаев ұсынған үміткердің кандидатурасын делегаттар бірауыздан қолдады.
Үкімет • 26 Сәуір, 2019
Үкіметтік жұмыс тобы Алматының әлеуметтік мекемелерінің жұмысын тексерді
Премьер-Министрдің орынбасары Г. Әбдіқалықованың басшылығымен Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі Үкіметтік делегация Алматы қаласына барды деп хабарлайды primeminister.kz
Аймақтар • 26 Сәуір, 2019
Қостанайда көші-қон заңнамасын бұзған 11 украиндық азамат анықталды
«Правопорядок» жедел-профилактикалық шаралар барысында Меңдіғара ауданындағы Қасқат селосында украиналық 11 азаматтың осында жұмыс істеуі үшін тиісті өкілетті органдар рұқсатын алмағаны анықталды. Шетелдіктер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңын бұзған. Олар туралы әкімшілік іс Меңдіғара аудандық сотына жіберілді.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2019
Ғабидолла Әбдірахымов дәріс оқыды
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай Шымкентте «25 қонақ дәріс» жобасының тұсауы кесілді. Жаңа басталған жобаның алғашқы қонағы ретінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мемлекеттік қызметкерлерге «Көшбасшы болу үшін қандай қасиеттер қажет?» деген тақырыпта дәріс оқыды.
Үкімет • 26 Сәуір, 2019
Ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Кеше Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Қазақстан Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.