Аймақтар • 25 Сәуір, 2024
«Ұлт сапасын жақсартамыз десек, бір ел болып жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруымыз қажет» деген Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында экология мәселесін де сөз етті. Еліміздегі экология сұрақтарын көтеріп жүрген белсенді азаматтардың саны артып келе жатқанына ерекше тоқталған Президент бұл мәселенің өзінің ерекше бақылауда болатынын да айтқан еді. Ал жақында Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласындағы қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдайтынын жеткізді.
Саясат • 25 Сәуір, 2024
Қазақстан – Ұлыбритания: Байланыс жандана түспек
Елімізге ресми сапармен келген Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмерон Астанада Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесті.
Үкімет • 25 Сәуір, 2024
Алдын алу шараларының 92 пайызы орындалды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді.
Волонтер • 25 Сәуір, 2024
Белсенді жастар күш біріктірді
Бүгінде елдегі еріктілер су тасқынының әлегімен күні-түні қызметте жүр. «Amanat» партиясының мүшелері мен «Жастар рухы» белсенділері де күш біріктіріп тасқыннан зардап шеккен халыққа жәрдем беріп жатыр. Қоғам жанашырлары тұрғындарды эвакуациялау, гуманитарлық көмек жинау және үлестіруге жұмылдырылды.
Пікір • 25 Сәуір, 2024
Жастар – жаңа идеялардың жаршысы
Мемлекет басшысы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында жастар бойында, кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңызына ерекше назар аударды. Интернетті талғамсыз пайдалану бала тәрбиесіне теріс ықпал етіп жатыр. Жастарды кітапқа ынталандыру үшін Президент елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар салу, Ұлттық кітап күнін белгілеу, әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды қазақ тіліне аударуды жалғастыру сынды өзекті мәселелерді атап өтті.