Президент • 24 Сәуір, 2024
Президенттің Телерадио кешені мен Al Jazeera серіктестігінің жобасы жас журналистерді қанаттандырды
Астанада өтіп жатқан «Al Jazeera апталығы» аясында Қатар телекомпаниясының басшылары ҚР Президенті телерадиокешені ұжымымен кездесіп, Қазақстандағы ең ірі медиахолдингтің қызметімен танысты.
Бизнес • 24 Сәуір, 2024
Тәуелсіздіктің елең-алаңында бұрынғы қоғамдағы экономикалық байланыстың бауы күн сайын бырт-бырт үзіліп жатқанын көре тұра көңілдері сенбей «Үкімет өлтірмейді» деген әлсіз үмітті малданып, аяқтарының басын қайқайтып жатып алған талайларды көріп едік. Енді сол масылдық міндетті кейінгі кезде туған балалардың бойынан байқағанда жаның түршігеді. Мемлекет оқытып, кәсіпке баулуға мүмкіндік беріп отырғанда миындағы миллиондарды ойша санап, саусағын қимылдатпай теңге тапқысы келетіндер көбейгені ойлантады.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Күміс жамбы, күміс кітап, күміс жыр
Арқа аспанынан күмбірлеп күміс өлең төгілді. Сонау Алатау төрінен халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Абзал Бөкен 75 жас мерейтойына орай еліне келіп, еркелеп қайтты. Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері ақынның ел жатқа оқитын «Шыт көйлек» секілді өлеңдерін ерекше әсермен жеткізді. Кеншілер мәдениет сарайында өткен «Күн астынан күміс жамбы жаудырған» атты кештің шымылдығы осылай түрілді.
Тағзым • 24 Сәуір, 2024
Халық мұрасын ыждағатпен хаттаған
Ұлы дала жыраулары мен жыршыларының даналық, тапқырлық, шешендік өнегесін, аманатын, сыншылдық көзқарасын, рухын тірілткен, бірқатар эпостық шығармаларды хатқа түсірген, қолжазбаларды жинақтап, жүйелеп зерделеген филология ғылымдарының докторы, профессор Оразгүл Нұрмағамбетова (1923-2003) есімі ғылыми ортаға жақсы таныс. Оның «Казахский героический эпос «Кобланды батыр» (1988), «Ұлы жыршы» (1972), «Өмір өрнектері» (2004) атты сүбелі еңбектерінде халық ақындарының (Жамбыл, Нұрпейіс, Үмбетәлі) шығармашылығы, айтыс өнері, фольклор мен әдебиеттің өзара байланысы зерттелінген. Әсіресе, қазақтың эпикалық мұрасы «Қобыланды батыр» хақындағы ой-тұжырымдары жаңаша таным, көзқарас, пайым тұрғысынан бағалы. Ғылым текстологиялық, типологиялық салыстырулар жасап, ауызша поэзия өкілдерінің көркемдік әдіс-тәсілдерін, жыршылық, жыраулық, орындаушылық өнер ерекшелігін, кәнігі шебер жыршылардың әлеуетін, көңіл қалауын, түпкі сырын, қызығушылықтарын көрегендікпен байқайды. Сондықтан да жырлау үдерісінде алуан қырлы тәсілдерді, сарын-мақамдарды қолданатынын жетік түсіндіреді.
Пікір • 24 Сәуір, 2024
ЮНЕСКО-ның мәліметінше, әлемде 770 миллион ересек, 16 миллион жас азамат хат танымайды. Бұл – шамамен дүние халқының 10 пайызы. Осы санақта Сомали көш бастап тұр. Мұнда 15 жастан деп есептегенде жұрттың 5 пайызы ғана мектеп көрген. Осы жүйемен қарағанда, Чад (22%), Мали (31%), Ауғанстан мен Орталық Африка Республикасы (әрбірі 37%), Буркина-Фасо (39%) Гвинея (40%), Гвинея-Бисау (42%), Сьерра-Леоне (43%), Либерия (48%) болып кете береді...