Өнер • 25 Сәуір, 2023
Қазақстандық өнерпаздар «OPEN ITALY» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солистері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары – «T&Y» домбырашылар дуэтінің мүшелері Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз «Open Italy» аспапты орындаушылардың халықаралық музыка байқауында бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Сәуір, 2023
Елордада Бірлік күніне орай 70-ке жуық іс-шара өтеді
Астанада 1 мамырда атап өтілетін Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай 70-ке жуық іс-шара өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін барлық төрт ауданда, ашық алаңдарда мерекелік концерттер, спорттық жарыстар, интерактивтер ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Сәуір, 2023
«Ағай, «одноразка» алып беріңізші». Көкшетауда оқушы қыздар электронды темекіге кезекте тұр (видео)
Қазір электронды темекіні екінің бірі пайдаланады. Әсіресе, мектеп оқушылары әуес. Бір-біріне еліктеп, бір рет шегіп көреміз деп тәуелді болып жатыр. Ал Көкшетауда оқушы қыздар «одноразка» сұрап көшеде жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2023
Интернет сапасын жақсартуға 560 млрд теңге бөлінеді
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Қолжетімді интернет» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру жоспарлары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 25 Сәуір, 2023
Алматыда балаларды тегін секцияларға қабылдау қашан басталады?
26 сәуірден бастап Алматыда мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру үшін жеткізушілерден өтінімдер қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.