Қоғам • 25 Сәуір, 2023

Интернет сапасын жақсартуға 560 млрд теңге бөлінеді

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Қолжетімді интернет» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру жоспарлары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Интернет сапасын жақсартуға 560 млрд теңге бөлінеді

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  қуатты деректер орталықтары мен трансшекаралық талшықты-оптикалық магистральдары бар Цифрлық хабқа айналуы тиіс. Ұлттық жобаның осы мақсаттарына бюджеттен 5 жыл ішінде шамамен 560 млрд теңге бөлу жоспарлануда», деді Премьер-министр. 

Сондай-ақ Үкімет басшысы байланыс операторлары міндеттемелерінің сақталуын ескере отырып, барлық жерде байланыс сапасы мен Интернет жылдамдығының мониторингін күшейту, сондай-ақ қысқа мерзімде Ұлттық жобаны пысықтап, оны Президент Әкімшілігіне бекітуге ұсыну қажеттігін атап өтті.