Аймақтар • 20 Сәуір, 2026
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Ақмола облысына қарасты Ақкөл қаласының іргесіндегі «Агропротеин» серіктестігінің тері зауыты төңірегіндегі дау саябыр табатын емес. Зауыт жылқы мен сиыр терісін өңдеп, мал азығына қосатын құнарлы қоспа дайындайды. Қала халқының өкпе-назын тудырып отырған мәселе – өндірістен шығатын жағымсыз иіс желді күні тіпті үдеп кетіп, демалуға мүмкіндік бермейді.
Үкімет • 20 Сәуір, 2026
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Премьер-министр Олжас Бектенов құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Жиын барысында еліміздегі көші-қон жағдайы және оны реттеу шаралары қаралды. Шетелдіктердің келуін бақылау және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев көші-қон саясатын жетілдіру және көші-қон процестерін реттеудің жаңа тетіктерін енгізу туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Сәуір, 2026
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол жөндеу жұмыстарының басталатынын хабарлады. Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, 20-25 сәуір аралығында Ақан сері көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 20 Сәуір, 2026
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Отандық ғалымдар құрғақ аймақтарға бейімделген жаңа ауыл шаруашылығы дақылдарын әзірлеп шығарды. Жаңа дақыл сорттары Солтүстік Қазақстан және Солтүстік-Шығыс Қазақстан өңірлеріндегі тәуекелі жоғары егіншілік аймақтарына бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Сәуір, 2026
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сәйкес, 21 мен 23 сәуір аралығында Қазақстан аумағында циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.