Руханият • 25 Сәуір, 2019
Кітап көрмесі – көңіл көкжиегі
Кеше елордадағы «Көрме» орталығында «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Eurasian Book Fair–2019» ІV Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды. Төрт күн бойы қонақтарын құшақ жая қарсы алуға дайын көрменің өтуіне Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мұрындық болып отыр.
Руханият • 25 Сәуір, 2019
Ел боламын десең, экраныңды түзе...
Биылғы жылдың ең жарқын жаңалығы, айтулы оқиғасының бірі де осы –«Кинематография туралы» заңның қабылдануы десек, артық айтқандық емес. Иә, бұған дейін тек «Мәдениет туралы» Заңның қосалқы бөлігі ретінде қарастырылып келген кино мәселелері енді өз алдына «енші» алып, дербес талап пен қағидаларын қабылдады. Әйтсе де, заң қабылданғанмен, қолданысында әлі де бірқатар түйткілдердің барын алға тартады киногерлер. Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей араласуымен күшіне енген аталған кино туралы құжаттың «бір қайнауы ішінде, толықтырулар мен өзгертулер кезек күттірмейтін мәселе» дейді мамандар. Осыған орай, ұлттық кинематографиямыздың ыстығы мен суығына қатар көніп, кино алаңында өлшеусіз өнер тудырып жүрген айтулы саланың кәсіби мамандарын редакциямыздың төріне ашық пікірталасқа шақырған едік. Кино туралы келелі ойларын ортаға салған мамандар елордамен шектелмей, Алматыдан да арнайы атсалысты. Дөңгелек үстеліміздің географиясы қос қаланы қамтығанмен, киногерлер пікірі негізінен бір арнада тоғысты.
Үкімет • 25 Сәуір, 2019
Заңды ізгілендіру жауапкершілікті азайту емес
Кеше Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның кезекті отырысы болып, онда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті жетілдіру мақсатымен өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Президент • 25 Сәуір, 2019
Тарихи тамырластықтан – стратегиялық серіктестікке
Кеше Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті. Екі ел басшылары күн тәртібіндегі екіжақты ынтымақтастық, халықаралық және өңірлік мәселелер жөнінде келіссөздер жүргізді.
Президент • 24 Сәуір, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.