Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Маңғыстауда жедел жәрдем көлігі жеткіліксіздігі байқалуда
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясына шақыртулар саны артқан. Аға фельдшер Фатима Қанатбаеваның айтуынша, кей тұрғындар сәл қызулағанға да «103» қызметіне телефон шалуды көбейткен, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық денсаулық сақату басқармасының баспасөз қызметі.
Коронавирус • 03 Сәуір, 2020
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам тіркелді
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам тіркелді, олардың ішінде Қарағанды облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 1, Түркістан облысы – 2.
Коронавирус • 03 Сәуір, 2020
COVID-19 – Қазақстанға жаңа сынақ
2020 жылдың 31 наурызындағы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған мәлімдесі мен осыған дейінгі дүниежүзілік дүрбелеңге қатысты қабылдаған шұғл шешімдері – үлкен қауіптің алдын алуға бағытталған мағызды қадем. Өйткені өздеріңіз білетіндей, Президент осы үндеуінде коронавирус індетінің әлемдегі 177 мемлекетке таралып, 800 мыңға жуық адам дертке шалдыққанын, біздің елімізде төтенше жағдай жарияланып, Қазақстанда вирустың жаппай таралуына жол берілмегенін атап өтті.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Қазалы ауданы карантинге жабылды
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында Қызылорда облысының Қазалы ауданында кеше түннен бастап 15-сәуірге дейін карантиндік режим енгізілді. Ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен ауданға көліктің барлық түрлерінің келуіне және шығуына тыйым салынады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 03 Сәуір, 2020
Қытай аза тұту күнін жариялады
Қытайда ертең жаңа типтегі вируспен күресуде алғы шепте құрбан болған қаһармандар мен қаза болған отандастарына қайғылы аза білдіру үшін Мемлекеттік кеңес қаулы шығарып, 4-сәуірде мемлекет бойынша аза тұту күнін өткізуді ұйғарды, - деп хабарлады Қытай мемлекеттік ақпарат агенттігі.