Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Қазалы ауданы карантинге жабылды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында Қызылорда облысының Қазалы ауданында кеше түннен бастап 15-сәуірге дейін карантиндік режим енгізілді. Ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен ауданға көліктің барлық түрлерінің келуіне және шығуына тыйым салынады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазалы ауданы карантинге жабылды

Қаулыға сәйкес  аудан аумағына азық-түлік тауарларын, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және басқа да тұрғындардың өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызмет түрлерін тасымалдайтын, өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ететін көліктерден басқа автокөліктерге кіруге және шығуға тыйым салынады.

Пойыз станциясында да осындай шектеулер енгізілді. Діни үйлер, балабақшалар, базарлар (мал базарлары, автомобиль және т.б.), сауда үйлері, азық-түлік емес сауда орталықтарына қызмет көрсететін кәсіпкерлік құрылымдардың барлық түрлері, адамдар көп шоғырланатын басқа да орындар жұмысын тоқтатты.     

Азық-түлік сауда орындарына, дүкендерге жұмысына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен сағат 8:00-22:00-ге дейін, ал азық-түлік базарларында сағат 10:00-18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.   Дәріханалардың жұмысы да осындай талапқа бағынады. 

Ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысында бұдан өзге де бірқатар қауіпсіздік шаралары бар.