Қазақстан • 30 Сәуір, 2019
Этносаралық татулық жалпыұлттық бірлік деңгейіне шықты - Д.Мыңбай
Жеткен жетістіктеріміздің негізі – халықтың бірлігі, ынтымағы, ауызбіршілігі. Біздің елді мекендейтін этностар тату-тәтті тірлігінің арқасында бір-бірінен көп нәрсе үйреніп, үлгі алды, осы үндестік мемлекет дамуының кепілі болды. Елбасының отыз жыл бойы бірлікті ұстын етіп, оны маңызды бағыт ретінде алға тартып келгені тегіннен-тегін емес. Шын мәнінде, бірлік ол сөз күйінде қалып қоймай, іспен де дәлелденіп келеді.
Қоғам • 30 Сәуір, 2019
Қоғам • 30 Сәуір, 2019
Жалпытүркілік білім кеңістігіне қызмет ететін тың ұсыныстар талқыланды
Түркі әлемінің жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтердегі жағдайына талдау жасағанда, дүниежүзілік білім беру кеңістігінде тиімді бәсекелесу үшін әрі мемлекеттік, әрі Түркі кеңесіне мүше университеттер деңгейінде оқу орындары мүмкіндіктерінің және бастапқы позицияларының біркелкі еместігі байқалған. Осыған байланысты халықаралық рейтингтік агенттіктердің стандарттарына сәйкес университеттердің қызметін жетілдіру мақсатында өзара көмектесу және ынтымақтастықты дамыту жолдарын іздестіру қажет. Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жалпытүркілік аккредитациялау агенттігін құру да маңызды мәселе.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2019
Павлодарға Беларусь елінен 4 трамвай жеткізілді
Облыс орталығындағы қалалық трамвай басқармасының мәліметінше, 2017 жылы «Еуропалық қайта құру және дамыту банкі» АҚ тарапынан трамвай басқармасына 2,7 млрд теңгеге несие берілген.
Қазақстан • 30 Сәуір, 2019
Қазақстанда «Аманат» азаматтық алаңы құрылды. Аталған бастаманың негізгі мақсаты – сайлау барысына қоғамдық мониторинг жүргізу. Ашық әрі әділ сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының ерікті бірлестігіне қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар мен азаматтық белсенділер кірді.