«Байқауды өткізгенде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдауды, қазақстандық патриотизмді нығайтуды, тілдік мәдениетін тәрбиелеуді, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыруды мақсат тұттық» дейді Оылстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім меңгерушісі Бақытгүл Сүйлейменова.
Байқауға қатысқандар ағылшын тілінде эссе жазды. Ағылшын тілінде берілген мәтінді аударып, ол тілін қаншалықты білетіндігі сыналды. Ал әр қатысушы қазақ тілінде берілген тақырыпты өзінің сөздік қорын көрсете отырып, ашып, әңгімелеп беруі тиіс болды.
Арқалық қаласынан келген Баян Шаяхметке «Сөз шебері», рудныйлық Сулеймен Кеуілқосовқа «Тіл шебері», Қостанай қаласынан қатысқан Гүлфайруз Нұрмағанбетоваға «Көрермен көзайымы» аталымдары бойынша құрмет көрсетіліп, дипломдармен марапатталды, мұнымен қоса 16 ГБ флешкасы сыйға тапсырылды.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Амангелді ауданынан қатысқан Мейірім Тұрархан жеңіп алды. Ол үш тілде еркін сөйлеуімен ерекшеленді. ІІ орынға Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ студенті Кобжанова Айнұр лайық деп табылды. ІІІ орынды Алтынсарин ауданынан келген Нарғыз Нәсілбекова алды. Жеңімпаздардың барлығына арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тапсырылды.
2019 жылдың қазан айында Шымкент қаласында өтетін «Тілдарын» атты республикалық байқауында Қостанай облысының намысын Мейірім Тұрархан қорғайтын болады.
Қостанай