Қоғам • 02 Сәуір, 2020
Қазақтың кең даласының солтүстігінде қар еріп, күн ұзарып, көктемнің шуағы енді кеулеп келе жатса, оңтүстігінде көктемгі егіс жұмыстары қызып, диқан қауым Жер-ананың төсін дүбірге толтыруда. Алайда алтынкүректің самалы есіп, Самарқанның көк тасы еріген шақта атышулы індет есіктен еніп, жалаңдап төрге ұмтылғаны жұртты алаңдатып қойғаны рас.
Руханият • 02 Сәуір, 2020
1.Әндеріміз қайда кетіп барады? Туғанына 175 жыл толуы тойланып жатқан Абай Құнанбайұлының: «Әннің де естісі бар, есері бар...» дегеніндегі «есер» ескірмей-ақ қойды. Театр сахнасынан да, теледидар экранынан да, радио арналарынан да «мен-мұндалап» шыға келеді. Мұхиттың арғы-бергі жағындағы елдердің «жұлдыздары» айтып жүрген, әннен бұрын тақылдақ-бақылдақ тақпаққа ұқсайтын жұлқынды, қышқырынды әуенсымақтар біздің «жұлдыздардың» да біразын «баурап алды». Ал жын соққандай құтырық бисымақтары біздің бишісымақтардың талайын ұйқы-күлкіден айырды. Ол «өнеге» бізді іздеп тура келген жоқ, алайда Ресейге жеткен жерінде бас салған еліктегіш-солықтағыштарымыз «ұстаздарынан» асып түспесе, қалып қоймады. Соның бір мысалын, теледидардың көмегімен ресейлік эстрада сахналарының түп-төрінен байқап жүргеніміздей, біздің елордадағы, Алматыдағы сахналардың «көркемделуінен» көрудеміз. Электр қуатымен құбылып, құбыжықтанып, алас-күлес, алқын-жұлқын, айқыш-ұйқыш аударылып, төңкеріліп, дөңгеленіп, ұшып-қонып, көшіп те жатқан сапырынды көріністер. Залды әрі-бері осқылап тұрған электршамдар көзіңді бұлдыратады. Одан беріде, сахнада, әнді сүйемелдеуші аспаптардың даңғыр-дұңғыры, арсыл-гүрсілі, шаң-шұңы әнші даусын анық естіртпейді. Солардан мезі болып, ән-күй тыңдап та, би көріп те мәз бола алмадым да, тұрақ-мекенім Алматының театрларына баруымды шектедім.
Коронавирус • 02 Сәуір, 2020
386 науқас: Тағы 6 адамның вирус жұқтырғаны анықталды
00:05-тегі жағдай бойынша Алматы қаласында - 4, Жамбыл облысында - 2 науқас тіркелді. Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 386 жағдай тіркелді.
Елорда • 01 Сәуір, 2020
Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыту формасына көшу жұмыстары ретке келтірілген
5 сәуірге дейін көмекке мұқтаж оқушылардың барлығы компьютерлермен қамтылып, ғаламтор желісіне қосылатын болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 01 Сәуір, 2020
Қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады?
Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтардың 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем түрінде мемлекеттік қолдауды қалай ала алатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.