Қаржы • 01 Сәуір, 2020
Банк ВТБ (Қазақстан) басқармасының құрамы өзгерді
Банк ВТБ (Қазақстан) директорлар кеңесінің 2020 жылғы 26 наурыздағы шешімімен Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі лауазымына банктің корпоративтік-инвестициялық бизнесін жетекшілік ететін Арман Мангитов тағайындалды.
Әдебиет • 01 Сәуір, 2020
Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ. Коронавирус
(әңгіме) Академик Қалтай Қарабалин аяқ астынан ауырып қалды. Ол көп шәкірт тәрбиелеген белгілі микробиолог еді. Дене қызуы көтеріліп, бойы ауыр тартты. Тамақ жұтуы қиындады. Тоқсанға келген жасы бар. Кемпірі жедел-жәрдем шақырды. Дәрігерлер келді де Қалтайдың ыстығын өлшеді. Ыстығы 38-ден асты. Бұл дәрігерлерді аяқ астынан әбігерге түсірді. 5-10 минут өтпей Төтенше жағдай қызметкерлері де келіп жетті. Дезинфекция жасалды. Бәрінің беттерінде маска бар. Шұғыл түрде қан алып, «тергей» бастады.
Қоғам • 01 Сәуір, 2020
Сенат: Шағын және орта бизнесті қолдау тапсырылды
Парламент Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Төлеубек Мұқашев елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Үкімет қабылдаған қаулыларға байланысты барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына үндеу жолдады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Әдебиет • 01 Сәуір, 2020
Әзіл дейтін әлем болса, Оспақ дейтін ел болса, соның ханы – Оспанхан. Оның тағына таласатындар қазақ сатирасында бар ғой, ал тәжіне таласқан ешкім жоқ. Оспанхан Әубәкіровтің сатирасы – қазақ қоғамының қырық қатпарын қабыстырған, адам табиғатының аса ыждағаттылықпен үңілмесе ашыла қоймас астарын аңдаған, жорта айтып, жанама сүйкей салмаған толымды, тұшымды, әр уақытта да өзекті сатира. Кеңес заманында қайбір кеспірсіз қылықты, келемежді мінезді айтса, соның типтік образға айналған кең пішілген кейіпкерлерін бүгінгі күннен де тауып алып, мәз боламыз. Мәз боламыз дегенде, бүгін – Күлкі күні. Жүзінен күлкі кетпеген жайдары жанның, қазақ сатирасы классигінің әзіл өлеңдерін топтап ұсынып отырмыз. Салымыз суға кеткендей абыржытқан сынамалы, сырғақты шақта сәл жымита алсақ болғаны.
Коронавирус • 01 Сәуір, 2020
Алкоголь өнімдері коронавирустан қорғай ма?
Интернет пен әлеуметтік желідегі жұрт соңғы уақытта алкоголь сусындарын ішудің қауіпті инфекциядан сақтайтыны туралы ақпарат таратып, сатып алуға және тұтынуға көптеп кеңес беріп жүр. Иә, бұл әрекетті алкоголь өнімдерінің құрамында спирттің барымен байланыстыруға болады. Бірақ шынымен бұл қисынды ма?