Елорда • 23 Сәуір, 2023
Елордада өткен «Eurasian Book Fair-2023» көрмесі аясында ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әкбар Гошалының «Тұранның бір түп жусаны» атты кітабының тұсауы кесілді. Іс-шараға Түркия елінің азаматы, өнер жанашыры Иылмаз Окуклы, Селим Иухай қатысты. Жыр мерекесіне Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы келіп, ақжарма лебізін білдірді.
Тұлға • 23 Сәуір, 2023
Әкбар Гошалы: «Тұранның әлемге күн секілді көтерілер сәті келеді...»
Түбі бір түркі халықтарының тұтас ел болу жолындағы еңбек – ерен де қастерлі іс. Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әкбар Гошалы мырза – тұтас түркі миллеті үшін еңбек сіңіріп жүрген аздың бірі. Соқпағы бөлек, әуезі көркем сөз иесін әңгімеге тартқан едік.
Ауыл • 23 Сәуір, 2023
«Дипломмен – ауылға!» жобасына қатысушылар Отбасы банктен есепшот ашуға асыққаны жөн
Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес Отбасы банк биыл 1 сәуірден бастап «Дипломмен – ауылға!» жобасының сенімді агенті болып тағайындалғаны белгілі. Аталған жобаны жалғастыруда таңдау неге Отбасы банкке түсті десек, шынында да, оның тұрғынжайды несиелеуде бай тәжірибесі бар екендігін және осы жүйені үздіксіз жетілдіріп отырғанын жоққа шығара алмаймыз.
Экономика • 23 Сәуір, 2023
Қазақстаннан Ресейге тасымал баяулайды
2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жүк жеткізіліміне деген сұраныс ел ішінде де, сыртқы тасымалда да артқан. Жылдың алғашқы үш айында автомобиль көлігімен жүк жеткізуге деген сұраныс саны 2022 жылдың әдепкі үш айымен салыстырғанда 3 есеге өсіпті. Сұраныспен бірге баға да өсім көрсеткен. Тасымалдаушылардың орташа ставкасы 66 пайызға ұлғайыпты.
Қоғам • 23 Сәуір, 2023
Кітапсүйер қауымның ықыласына бөленіп, елордада өткен «Eurasian Book Fair-2023» көрмесі аясында белгілі қаламгер Баянғали Әлімжановтың «400 тәтті тақпақ» атты балаларға арналған жаңа жинағының тұсауы кесілді.