Әдебиет • 24 Мамыр, 2022
Қазақ әдебиеті классиктерінің бірі Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында 1902 жылдың 22 наурызында дүниеге келіп, 1985 жылғы 31 желтоқсанда Алматы қаласында өмірден өтті. Биыл 120 жылдығы атап өтілгелі отырған ол қазақ әдебиеті алыптарының арасында барлық құрметке бөленіп, барлық атақ-даңққа қол жеткізіп, баянды да ұзақ ғұмыр кешкен бақытты жан деп айтуға болады. Проза жанрында өнімді еңбек етіп, драматургия мен сын саласында да тер төккен ол Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды, ҚазКСР ҒА академигі, Социалистік Еңбек Ері және Қазақстанның халық жазушысы атанды. Жеті орден, бес медальмен наградталған. КСРО мен Қазақ КСР Жоғарғы кеңестерінің депутаты, оның ішінде бір жыл Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болса, екі рет Жазушылар одағының төрағасы, қазіргі «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» және «Ара-Шмель» журналының бас редакторы сынды жауапты лауазымдарда болды.
Руханият • 24 Мамыр, 2022
Атам қазақ: «Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса – төбедегі келеді» деген емес пе? Ал алтауды ала болдыратын не? Әрине, алауыздық. Осы қасіреттің зардабын көп тартқан халықтың бірі – қазақ. Оның бұл осалдығын жаулары жақсы пайдалана білді. Абай атамыз Үшінші қарасөзінде: «Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының себебі не?» деп налитыны бар да, әрі қарай өзіне-өзі «мұндай күйге қалай түстік?» деп көлденең сауал тастайды да, оған «Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтіменен біткен надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірді» деп (41-қарасөз) жауап береді.
Әдебиет • 24 Мамыр, 2022
Шақыру қағазынан туған шалқыма
Алматыдағы кітап дүкендерінің бірінде ескі кітап арасынан Фариза Оңғарсынованың туған күніне шақыру қағазы табылыпты. 1979 жылы жазылған. Қонақтар – Татьяна мен Эдвард. Жарты ғасырға жуық уақыттан кейін көзге түскен естелік аса бір көркем шығармалық маңызға ие болмаса да ақын туралы әдеби деталь ретінде көңілге ыстық. Ал өлеңсүйер оқырмандарға құнды олжа саналады. Сонымен Фариза туған күніне шақырған Татьяна мен Эдуард деген кімдер? Мерейлі қырық жасқа арналған отырысқа басқа қай қаламгерлер қатысты? Қысқасы, туған күнге келген қонақтарды «түгендеп» көрдік...
Тарих • 24 Мамыр, 2022
Жәңгір ханның немересі, белгілі ақын, ағартушы Шәңгерей Бөкеевтің қазақтан шыққан тұңғыш фотограф екендігі ара-тұра айтылып жүр. Бірақ өкінішке қарай, Шәңгерейден қалған осы мұра әлі толық жинақталып, зерттелген емес.
Руханият • 24 Мамыр, 2022
«Жаһан-нама»: Сегіз ғасыр бойы ашылмаған сыр
Еліміздің руханият әлемінде үлкен жаңалық болды. Бұл – XIII ғасырда парсы тілінде жазылған Мұхаммед ибн Нажиб Бакранның «Жаһан-нама» кітабының тұңғыш рет қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударылып, баспадан жарық көруі және тұсауы кесіліп оқырманға жол тартуы. Маңғыстаулық аудармашы ғалым, ағылшын, парсы тілдерінің маманы Нияз Тобыш аталған еңбекті қазақ және ағылшын тілдеріне аударуға ұзақ жылдарын арнады.