Аймақтар • 19 Мамыр, 2018
Қызылордада робототехника фестивалі өтті
«Robofest»-ке жасы 6-17 жас аралығында 100 жуық үміткер қатысты. Іс-шараны облыстық білім басқармасы «ҚазРоботикс» Федерациясының қолдауымен ұйымдастырып отыр.
Қазақстан мен Парагвай екіжақты серіктестік мәселесін талқылады
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Парагвай Республикасының Сыртқы істер вице-министрі Федерико Альберто Гонсалесті қабылдады. Ол Астанаға теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің көлік және сауда мәселелеріне арналған министрлер кездесуіне қатысу үшін арнайы келді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 19 Мамыр, 2018
Қазақстан Елшісі Ирландия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
17 мамырда Қазақстанның Ирландиядағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Ерлан Ыдырысов Ирландия Президенті Майкл Хиггинске сенім грамоталарын тапсырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізді. Салтанатты рәсімнен кейін болған екіжақты кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, IT-индустрия, сандық жүйеге көшу, сондай-ақ білім беру және инновациялар салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2018
Ақтауда «Жол қозғалысының жас инспекторлары» өңірлік слеті өтті
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аймақтағы өзекті мәселелердің бірі. Жол-көлік оқиғаларының туындауының тежеуші факторы тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды жүргізу болып табылады.