Қазақстан • 19 Мамыр, 2018

19 мамырға арналған ауа райы болжамы

804 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19 мамырға арналған ауа райы болжамы

19 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстік батысында, солтүстік шығысында, шығыста және оңтүстікте атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Кей аймақтарда желдің күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет орталығы.

Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, Жамбыл облысының кей жерлерлерінде тұман түседі. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.