Туризм • Бүгін, 15:22

Олжас Бектеновке Алакөлді дамытудың кешенді жоспары таныстырылды

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған жобалардың жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олжас Бектеновке Алакөлді дамытудың кешенді жоспары таныстырылды

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет басшысы Семей қаласындағы әкімшілік іскерлік орталықты дамыту жобаларымен және Алакөл жағалауын дамытудың кешенді жоспарымен танысты. Ұсынылған бастамалар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында іске асырылып жатыр.

Алакөл жағалауын дамыту жобасы аясында заманауи туристік-рекреациялық аймақ қалыптастыру көзделген. Облыс әкімі Берік Уәлидің айтуынша, өңірде туризмді дамыту үшін 2029 жылға дейін 49 жоба жүзеге асыру жоспарланған. Сондай-ақ 2025 жылы Алакөл жағалауының инфрақұрылымын дамытуға 1 млрд теңге бөлінгенін, бұл қаражат жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуге, абаттандыру мен көшелерді жөндеуге бағытталғанын айтты.

«2026 жылы бұл мақсаттарға 10 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, сондай-ақ цифрлық шешімдерді енгізуге, оның ішінде бейнебақылау жүйелерін және орнықты мобильді интернет-қамтуды енгізуге бағытталады», делінген хабарламада.

Жоспарға сәйкес, Алакөл аумағын 300 гектардан 3 мың гектарға дейін ұлғайту, сондай-ақ тәулігіне 75 мың турист қабылдау мүмкіндігіне жеткізу көзделіп отыр. Кешенді жоспарға енгізілетін түзетулер биылғы қыркүйек айына дейін аяқталады. Сонымен қатар электр желілері, сумен жабдықтау және су бұру жүйелері, көлік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салу жобалары қамтылған.

Өңірде туризмді дамыту бағытында нақты нәтижелер де бар. 2025 жылы жалпы құны 8,9 млрд теңге болатын 4 жоба жүзеге асты.

Премьер-министр Алматы ЖЭО-ларына қатысты объективті ақпарат беруді тапсырды

Жалпы республика бойынша да сала қарқынды дамып келеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ішкі туристер саны 9,1 млн-нан 10,1 млн-ға дейін, ал шетелдік туристер саны 1,3 млн-нан 1,4 млн-ға дейін артқан. Келушілерді орналастыру нысандарының кірістері 350,6 млрд теңгені құраса, салаға тартылған инвестициялар көлемі 32,6% өсіп, 1,26 трлн теңгеге жеткен.

Олжас Бектенов «Семей орманында» ЖИ негізіндегі өртті ерте анықтау жүйесін тексерді

Семей қаласында жүзеге асырылатын ірі жобалардың бірі – әкімшілік іскерлік орталық. Аумағы 1 мың гектардан асатын бұл жобаның шеңберінде жаңа заманауи нысандар салу жоспарланған.

«Осы ретте Семей қаласында Әкімшілік іскерлік орталығы (ӘІО) жобасын жүзеге асыру көзделген. Аумақтың жалпы ауданы 1 мың гектардан асады. Жоба аясында әлеуметтік және іскерлік инфрақұрылымы дамыған жаңа заманауи тұрғын үй ауданын құру жоспарлануда. 2026-2029 жылдар аралығында жалпы ауданы 3 млн шаршы метрден асатын 75 мың адамға арналған тұрғын үй кешендерін, сондай-ақ 17 мектеп пен балабақшаны қоса алғанда, 40-тан астам әлеуметтік, коммерциялық және әкімшілік мақсаттағы нысандарды салу қарастырылған», делінген хабарламада.

Премьер-министр қала құрылысына қатысты шешімдердің сапасын қамтамасыз ету және облыс әкімдігі тарапынан кешенді жоспарды жүзеге асыруды тиімді үйлестіру қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар