Оқиға • Бүгін, 15:38

Астанада полицейлерге күш қолданып, балағаттаған ер адам 3 жылға сотталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға қарсы күш қолданған қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада полицейлерге күш қолданып, балағаттаған ер адам 3 жылға сотталды

Фото: Ашық дереккөз

Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Масаң күйде болған ер адам қоғамдық тәртіпті бұзып, өзіне ескерту жасаған полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан. Тәртіп сақшыларын балағаттап, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған ол мұнымен тоқтамай, белсенді қарсылық көрсетіп, билік өкілдеріне қатысты күш қолданған.

Ішкі істер министрлігі: Полиция қызметкерлеріне күш қолданған барлық тұлғалар қамауға алынды

Құқыққа қарсы әрекеттердің салдарынан полиция қызметкерлері денсаулыққа ауыр зиян келтірмейтін әртүрлі дене жарақаттарын алған.

Сот процесі барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдейтін бұлтартпас айғақтарды ұсынды. Кінәлі деп танылған азамат өз ісін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді.

Қостанайда бір топ мас адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады

Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді. 

Елордалық прокуратура билік өкілдерін қорлау, олардың заңды талаптарына бағынбау және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты күш қолдану ауыр қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын қатаң ескертеді. Ведомство азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар