Тарих • 30 Мамыр, 2020
Жансейіт Түймебаев: Жаппай қуғын-сүргінді ұмытуға болмайды
Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде «Қазақстан: тарихи тағылым саясаты» халықаралық онлайн конференциясы өтті. Конференция ҚХА-ның Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне қатысты «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты жыл сайынғы халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2020
Тапа-талтүстегі төтенше жағдай
Петропавлдың көшесімен түзу жүре алмай, бұралаңдап, соғылып қала жаздап, оның үстіне қатты жүріп келе жатқан автобус туралы дабыл полицияға шамамен түс ауып бара жатқанда түседі. Жедел бақылау орталығының қызметкерлері оқиға орнына патрульдік полиция батальонының автопатрульдерін жіберген. Автобус Т.Мұхамед-Рахимов көшесінде тоқтатылады. Ол «31 М» бағытымен жолаушылар таситын автобус еді.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2020
Қызылжардағы тарихи зауыт радиоэлектроника өнімдерін игеруде
ИИДМ баспасөз қызметі хабарлағандай, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ-ның тарихы бай. Зауыт 1928 жылы Мәскеуде құрылып, 1941 жылы зауытты Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына көшіру туралы шешім қабылданды.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2020
Ертістің суы егістікке пайдалы
Биыл Павлодар өңірінде егін шаруашылығын қолдауға 4,5 млрд. теңге субсидия бөлінген. Жалпы, 618,3 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар егілген. Алқаптарды тыңайту мақсатында 14,3 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынған. Көкөніс өсіруішлер 6,8 мың гектарға көкөніс тұқымын сеуіп, бақша дақылдары 1,7 мың гектарға, ал, 18,8 мың гектар алқапқа картоп отырғызылған
Қазақстан • 30 Мамыр, 2020
15 маусымнан бастап кинотеатрлар ашылады
15 маусымнан бастап санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда кинотеатрлардың жұмысы қайта қалпына келтірілетін болады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.