Қазақстан • 18 Мамыр, 2017
Съезд Хатшылығының VI отырысы өтеді
Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XVI отырысы өтеді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2017
Киіктердің көктемгі миграциясына және төлдеуіне байланысты Торғай өңірінде күзет күшейтілді
Қазақстан • 18 Мамыр, 2017
ШЫҰ-ның жаңа кескіні Астанада сомдалады
Үстіміздегі жылдың 8-9 маусым күндері елордада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтеді. Осынау ауқымды шара барысында қандай мәселелер күнтәртібіне шығарылатынынан хабары бар әлемдік қоғамдастық ШЫҰ-ға төрағалық етуші Қазақстанның орталығы – Астанаға байыппен көз тігіп отыр. Әсіресе, Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ қатарына мүшелікке өту процесіне осы жиын аясында нүкте қойылатыны саммиттің салмағын арттыра түсетіні анық.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің кеңейтілген жиынына қатысты. «Орал трансформатор зауытында» өткен мәжілісте өңірдегі кәсіпкерліктің даму жайы, отандық тауар өндірушілерді қолдау және кәсіпкерлік саласының түйткілді мәселелері талқыланды. Басқосуға Ұлттық палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, өңірлік кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар, бизнес-қауымдастықтары, банктер мен қаржылық институттар өкілдері қатысты.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2017
ОҚО-да төрт айда 26 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өңіріміздегі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы 2017 жылдың 1 мамырына атқарылған жұмыстар туралы өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлім етті. Айтуынша, өткен жылдың қорытындысымен аймақта 1 147,2 мың адам жұмыспен қамтылса, оның 502,8 мыңы өздігімен жұмыспен қамтылғандар екен.