Әлем • 25 Мамыр, 2020
Әлемдегі ахуалға шолу: Вирустан жазылғандар саны 2 млн-нан асты
Бұл топтамада әлемнің 188 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз. 22 мамырда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 5 407 701, өлім саны - 345 060, айыққандар саны - 2 168 564 адам болды (жаңартылған уақыты 10:45).
Қоғам • 25 Мамыр, 2020
Алматы әкімі апаттан қайтыс болған полицейлердің отбасына көңіл айтты
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев апаттан қайтыс болған полицейлердің отбасына көңіл айтты. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінде еліміздің ауылдарында 1 миллион 700 мыңдай жеке қосалқы шаруашылық барын, бірақ олардың өнімі сауда орындары арқылы ресми түрде сатылмайтынын және өңдеу кәсіпорындарына жеткізілмейтінін, онда жұмыс істейтіндердің әлеуметтік тұрғыдан қорғалмағанын айта келе ендігі кезекте мемлекет қолдауы үй қасындағы осындай шаруашылықтарға көрсетілетіндігін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар Президент «Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ауылдағы кооперациялық желіні дамыту үшін «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобаны бірнеше өңірде бастауды тапсырды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру кезінде «КазАгро» арқылы жылдық мөлшерлемесі 6 пайыз болатын жеңілдетілген шағын несие берілетіндігін де айтты. Осы жағдай қолдаудан құралақан қалып келе жатқан жеке қосалқы шаруашылық иелерімен қатар аталған проблеманы бұрыннан көтеріп жүрген сала мамандары мен ауыл жанашырларына тың жігер берді. Президент сөзінен қанаттанған олар қазірдің өзінде іске кірісіп, осы бір күрделі істің шешімін табуына еліміздің патриоттары ретінде кірісуде. «Кооператив құру арқылы ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру» жобасының жетекшісі Анас Баққожаевтың мәселенің мәнісін зерттей жазған төмендегі мақаласы соның бір дәлелі болуға лайық.
Қоғам • 25 Мамыр, 2020
42 500 теңге тағайындалмаған азаматтардың өтініштері қайта қаралады
42 500 теңге әлеуметтік төлемі тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 25 Мамыр, 2020
Ресейде бір тәулікте 8599 адам індет жұқтырды
Біздің ежелгі көршіміз Ресей елінде бір күнде 8599 адам індет жұқтырып, жалпы дертке тап болғандар саны 344481 жеткені жайлы аталған мемлекеттің коронавируспен күрес штабы мәлімдеді.