Қоғам • 25 Мамыр, 2020

Алматы әкімі апаттан қайтыс болған полицейлердің отбасына көңіл айтты

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев апаттан қайтыс болған полицейлердің отбасына көңіл айтты. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

Алматы әкімі апаттан қайтыс болған полицейлердің отбасына көңіл айтты

«Блок-бекетте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Жалғас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың жол апаты оқиғасынан қаза болуына байланысты отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын» деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бүгін таңғы сағат 5 шамасында Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Көксай шағын ауданының аумағында көлік апаты болып, қапелімде екі тәртіп сақшысы тіл тартпай кеткен еді.